Мәжіліс депутаттары жастарды тәрбиелеу үшін ел аралауға шықты

Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттары Ақтөбеде ардагерлермен кездесу өткізді. Бір топ депутат Елбасы тапсырмасымен ел аралауға шыққан. Негізгі мақсат — өскелең ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу.

-Ардагерлер кеңесі үлкен қоғамдық ұйым. Еліміздегі ардагерлер кеңесінде 115 социолистік еңбек ері, 17 халық қаһарманы бар. Оның құрамында 1 миллион 800 мыңға жуық ардагер бар. Елбасының ардагерлер ұйымына қойып отырған тапсырмасының бірі- өскелең ұрпаққа көрсететін тәрбиеміз. 25 жылда жеткен жетістігіміз туралы сіздер бізден жақсы білесіздер. Елбасы тапсырмасымен көптеген бағдарламалар жүзеге асты. Елімізде бұрын соңды болмаған өндіріс орындары жұмыс жасап жатыр. Аз уақытта көп жетістікке жеттік. 1959 жылы Қазақстанда 9,3 млн ғана халық болған. Оның ішінде қазақтардың үлесі 30 пайыз еді. Қазіргі көрсеткішіміздің қандай екенін жақсы білесіздер,- дейді «Орталық ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ардагерлер кеңесінің міндеттері туралы түсіндірді.

Мәжіліс депутаттарының алғашқы жұмыс сапары Ақтөбе облысынан басталған. Оған себеп те жоқ емес. Соңғы кездері Ақтөбе облысында болған түрлі оқиғаларға елдің назары ауғаны рас.

-Соңғы кезде жерге қатысты қиыншылықтар болды. Ондай жағдайлар Ақтөбе, Атырау облысында да болды. Жастар теріс бағытқа адасып кетпей, айналасындағыларға зиян тимеу үшін жұмыс жасауымыз керек. Осы жағдайларды ескертіп отыратын болсақ, түзеле бастайды. Мұның барлығы кездейсок болған жайлар емес. Шетелде барлығы Қазақстанда болса екен, Қазақстан дамыса екен деп отырған ешкім жоқ. Елді жіктеп, қиыншылық туғызатындар да аз емес. Оны өздеріңіз білесіздер. Осы жағдайлардан Елбасы саясатының арқасында өтіп жатырмыз,-дейді  Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Облыс әкімі Ақтөбедегі  80 890 ардагердің қоғамдық жұмыстарға атсалысып отырғанын атап кетті.

Ардан Сердалы

Пікір қалдырыңыз