Ақтөбеде универсиада алауын Фархад Харки алып жүреді

147073681648245189b4e45a84463a31d89c33175af75Ақтөбенің көшелерінің бойымен өтетін универсиада алауын 60 спортшы алып жүреді. Олардың қатарында әйгілі ауыр атлетші Фархад Харки де бар. 10 адам қорғаушы ретінде ере жүреді. Бұл туралы бүгін олимпиада резервін даярлау мектебінде бас қосқан эстафета қатысушылары алдында айтылды.
Эстафета Ақтөбеде қаңтардың 27 күні таңертеңгі сағат онда өтеді. Алау Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университетте жағылады.

Алауды қала әкімі Ильяс Испанов Бразилия олимпиадасының жүлдегері, ауыр атлетші Фархад Харкиге табыстайды. 12 шақырымға созылатын эстафетаға 60 адам қатысады. Олардың арасында облыстың белгілі спортшылары, спорт ардагерлері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері мен колледждер оқушылары бар.
— Дүние жүзінің елдері, 55 елден келетін өкілдер түгел Қазақстанға назар аударады. Алматы әлемнің қаласына айналады сол күндері. Бізге осы спорттық шараны абыроймен өткізу үлкен сын. Сондықтан, алауды алып жүру эстафетасына қатысатыным мен үшін мақтаныш, — дейді ауыр атлетикадан спорт шебері Ақмарал Үргешбаева.
Бүкіләлемдік шара алдында Қазақстанның барлық қалаларында осындай эстафета өтеді деп жоспарланған.

Ал Ақтөбенің атынан универсиада ойындарына спортшы ретінде Мария Сизова қатсады.

 Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз