Ақтөбеде қардан жасалған жеңімпаз қоразға «қошемет көрсетілді»

Ақтөбе қалалық әкімдігі ұйымдастырған қардан жасалған ең үздік мүсіндер байқауы қорытындыланды. Байқауға шаһардағы 28 басқарушы компания қатысқан. Олар өздерінің қарауындағы үйлердің аулаларына мүсіндерді қардан, мұздан қашап, ойып жасапты. Түрлі-түсті етіп бояп қойғандары да бар. Бұл тұрғындарға көңіл-күй сыйлайды деп мәр-мейрам жұрт.

Бүгін қорытындыланған байқауда 14-ші басқарушы компания жеңімпаз деп танылды. Компания ұжымы Тауық жылына сый ретінде қораздың мүсінін жасап, оны қызыл-сары етіп бояп та қойған. Қораз алыстан көз тартады. Қардан жасалған жеңімпаз қоразды Есет батыр көшесі, 105 үйдің ауласынан, яғни Балалар әлемі аялдамасы маңындағы «Жанар» сауда үйінің қасынан көруге болады. Оны жасаған жеңімпаздарға қала әкімінің дипломы мен сыйлықтар тарту етілді.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз