Жаңа жыл күні Ақтөбеде үш жұп некесін қиған

Ақтөбеде 2016 жылы неке қиғандар саны азайған. Бұл туралы қалалық АХАЖ бөлімінің басшысы хабарлайды. Ал 31 желтоқсан күні неке қиюға үш жұп арыз берген.

  • 31 желтоқсан күні біздің бөлімшеге неке қиюға үш жұп арыз берді. Жастардың салтанатты түрде некесін қидық. Өткен жылмен салыстырғанда некеге тұрғандар саны биыл азайды. 2016 жылы 4526 жұптың некесін тіркедік. Ол 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға азайған. Керісінше, өткен жылы дүниеге келген балалар санында өсім бар. Орталыққа 12981 баланың тууы тіркелді. Бұл сан 2015 жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға көбейген,- дейді Ақтөбе қаласының АХАЖ бөлімінің басшысы Валентина Мамбетова.

Бөлім басшысы мереке күні неке қидыруға ұсыныс жасайтын қала тұрғындарының көп екенін айтады.

Пікір қалдырыңыз