Ақтөбелік тұрғын танысына қарызға берген 2 миллион теңгесін ала алмай жүр

Темір ауданының тұрғыны танысына санап берген ақшасын өндіре алмай, сотқа жүгінген. Темір аудандық сотында талап қоюшы Т. есімді жауапкердің 2 000 000 теңге берешегін өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

Талапкер сотқа жазған шағымында танысына  қолхат негізінде берген 2 000 000 теңге ақшасын өндіре алмай, сот  көмегіне жүгінген.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша тараптар арасында медиация тәртібімен келісім жасалған. Жауапкер 50 000 теңге мөлшерінде 2017 жылғы 20 қаңтардан бастап ай сайын (әр айдың 20 күніне дейін) төлеуге міндет алған. 2 000 000 теңге берешек сомманы 2018 жылғы маусым айына дейін төлеп құтылуға тиіс.

 

 

Пікір қалдырыңыз