Ақтөбеде ауа райы құбылмалы

Қаңтардың алғашқы онкүндігі ел аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы. Бес облыстың жолдары жабылды деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы.
Синоптиктердің айтуынша, қарлы бұрқасын соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні күшейеді. Мұндай ауа райы еліміздің барлық өңірлеріне тән.
Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бұл күндері автокөлік жүргізушілеріне алыс жолға шықпауды ескертеді. Ақтөбе облысының аумағында қарлы бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болып, желдің екпіні 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде желдің күші секундына 23 метр болады.

Пікір қалдырыңыз