Ақтөбе қаласының әкімі үздік футболшыларға жүлде тағайындады

6-4Ақтөбеде бүгін қала әкімінің жүлдесі үшін аймақаралық «Қысқы демалыс» турнирі басталды.

Спорттық шараға Ақтөбе, Хромтау, Алғадан өзге Атырау, Ақтау, Қызылорда, Қазалы қалаларынан келген жасөспірім футболшылар қатысып жатыр. Негізі бұл жарыс Ақтөбеде 35-ші рет өткізіліп отыр.
— Турнирге негізі 16 команда қатысып жатыр. Бүгін ашылуы болды. Алдымен төрт топ болып бөлініп ойнайды. Кейін ең үздік командалар ақтық сынға өтеді, — дейді бас төреші Асқар Төкеев.
Бұл турнир осы айдың тоғызына дейін жалғасады. Жеңімпаздарға қала әкімінің бағалы сыйлығы беріледі.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз