Арнайы топ бір аптадан кейін жұмысын қорытындылайды

Теологтар Ақтөбедегі діни жағдайдың жақсы еместігін айтады.

«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығында жат ағым жетегінде кеткендермен кездесу күнделікті өткізіліп жатыр. Мамандар арнайы топтың айлық жұмысы біткеннен кейін де кездесулердің жалғасатынын айтады.
— 29 қыркүйек пен 29 қазан аралығында Ақтөбе облысында Елбасының тапсырмасымен арнайы топ жұмыс жасап жатыр. Діни ахуал, әлеуметтік жағдай зертелуде. Қазіргі таңда бізде 50-ден аса дінтанушы маман жұмыс істеп жатыр. Ақтөбе қаласы, Мұғалжар, Темір, Шалқар, Хромтау аудандарына күш салып отырмыз. Еңбек ұжымдары мен оқу орындарында бірнеше кездесу өтті. Жеке әңгімелескісі келетін азаматтарға да мүмкіндіктер жасалып жатыр, — дейді«Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Жандәулет Сүлейменов.
Бес топқа бөлінген жұмыс тобы бірнеше кездесу өткізген. Дінтанушылар өңірде өзекті мәселелердің көп екенін айтады.

— Кездесулер әлі де жалғасатын болады. Жұмыс тоқтамайды. Келушілердің арасында діни сұрақтар, оның ішінде ата-бабамыздың ұстанған дәстүрлі құндылықтарымыз бойынша да түрлі сұрақтар түсіп жатыр. Жасыратыны жоқ, облыстағы діни ахуалдың жағдайы баршаға белгілі. Бұл салада өзекті мәселелер көп. Базардағы телефон сататындар мен де экстремизм бабымен сотталғандардың әйелдерімен де жеке кездесулер өтті. Әлі де жүргізіледі, — дейді Жандәулет Сүлеймен.

Пікір қалдырыңыз