Нұрлан Ермекбаев: Сәннен шығатын салафизм қаншама өмірді шайқалтуы мүмкін

Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев студенттермен кездесу өткізді. Министр елді дүрліктірген оқиғаның бәрі уақытша екенін айтты.  


— Ақтөбеде болған жағдай уақытша. Болашақта ондай оқиға болмайды. Оған бүкіл мемлекеттік орган күш-жігерін салып жатыр. Сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз ете аламыз. Ол үшін алаңдамауға болады. Қазақстан зайырлы мемлекет. Дін мемлекет істеріне кедергі келтірмеуі қажет. Бұл әр адамның жеке мәселесі және оның рухани дүниесі. Мемлекет қоғамдық қатынастарды шариғаттық негізде емес, заң негізінде реттейді, реттейтін болады. Бірақ бұл адамдардың дінге сенуіне кедергі келтірмейді. Дінге берілген, сенетін адамдарға мемлекет барлық қажетті жағдайды жасалады,- дейді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Министр жастар саясатының Елбасының ерекше назарында екенін еске салды. Әсіресе, соңғы жылдары жастармен жұмыс  күшейтілгеніне көңіл бөлді. Ақтөбеде өткен жастар форумына  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы келіп қатысуы да бекер емес.

— Дінге берілген, сенетін адамдарға мемлекет барлық қажетті жағдайды жасайды. Алайда түрлі теріс ағымдар азаматтарға үлкен қауіп әкеліп отыр. Мұның бәрі басымыздан өткен. Мысалы, қайдағы бір сатанистер де болған. Сол секілді түрлі секталар көбейгеннен кейін өзінен-өзі жойылып кетті, құрып қалды. Сол сияқты қазіргі салафизм, басқа да теріс ағымдар болса, олардың бәрі сәннен шығып қалады. Бірақ сәннен шығып қалғанша қаншамаша өмірді шайқалтуы мүмкін. Сондықтан олардың еркіне ермеңдер, дінге қызығушылық, сұрақтар болса, имамдардан жөн сұраңдар. Негізінде имамдармен сұхбаттасу нәтижесінде өздеріңнің сұрақтарыңа жауап табасыңдар»,- деді ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

 

Пікір қалдырыңыз