Бердібек Сапарбаев: Ауылға баратын жастардың қатарын мұғалімдер мен дәрігерлерден өзге мамандық иесі толықтыруы қажет

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев студенттермен кездесуге келген минстрдің алдында жастардың проблемасын көтерді. 

  • «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен 1300 жас ауылға барып, жұмыс істеп жүр. Оларға пәтер алу, жол шығындарын өтеу үшін 1,2 миллиард теңге ақша бөлінді. Дипломмен ауылға баратын жастардың қатарын мұғалімдер мен дәрігерлерден өзге мамандық иесі толықтыруы қажет,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысының  бұл ұсынысы Үкіметке жолданды. Бердібек Сапарбаев жастарға үлкен көңіл бөлініп жатқанын, студенттер бос уақытында қосымша табыс таба алатынын айтты.

  • Бір ерекшелігіміз, «Жасыл ел» бағдарламасы елімізде үш ай бойы жүргізілсе, шешім қабылдап, Ақтөбеде жыл бойы жұмыспен қамту мәселесі шешілді. Студенттер бос уақытында қосымша табыс таба алады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 300 миллион теңге қаржы бөлінді. Қазіргі кезде осы бағдарлама 5 мың жасты қамтыды,-деді облыс әкімі.

Ақтөбе облысы тұрғындарының 25 пайызы жастар. Жергілікті билік жастарға арналған түрлі экономикалық, әлеуметтік бағдарламалар шеңберінде биыл 94 миллион теңге бөлген. «Жастар өңірде іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қатысып жүр. «Нұрлы жол», «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы», «Бизнестің жол картасы-2020» тағы да басқа бағдарламаларды жүзеге асыруда белсенділік танытты.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз