Саманнан, қамыстан салынған мектептер проблемасы шешілмей отыр

 

2016-2017 оқу жылында шешілмеген мәселе көп. Облыс әкімі білім саласының дамуы туралы мәселе қаралған жиын барысында осы уақытқа дейін өңірде саманнан, қамыстан салынған мектептер барын айтып, жауаптыларды бір тұқыртты. Бүгінге дейін ғимаратын пеш жағып жылытып отырған мектептердің проблемасы да түбегейлі шешілмей отыр. Осыған байланысты облыс әкімі облыстың бас мұғалімі Сәуле Өмірбекованың жұмысын сынады.
— Мен аудандарды аралағанымда саманнан, қамыстан салыған, пеш жағып отырған шалғай ауылдардың мектептерін көрдім. 21 ғасырда бұлай болмауы керек. Бір жылдың ішінде олардың проблемасын шешу туралы халыққа уәде беріп кеттім. Ал сіздер айналдырған төрт мектептің құрылысына қатысты жобалық-сметалық құжаттарды әлі күнге дайындай алмай отырсыздар. Ұят қой енді халықтан, — деді Бердібек Сапарбаев.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз