Мектеп түлектерінің 40 пайызы жұмыссыз жүр

Ақтөбе облысында мектеп бітірген түлектердің 40 пайызы жұмыссыз жүреді. Оқу-тоқуы жоқ түлектерді әр мектептің директоры кем дегенде үш жылға дейін бақылап отырулары керек. Бұл туралы облыстың білім саласының дамуы туралы өткен жиын барывсында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
Жиын барысында мектептерді оқулықпен қамту, материалдық-техникалық базаны жетілдіру, түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша сұрақтар қаралды.
Шағын жинақты мектептердің мәселесін шешу үшін интернаттар салынуы тиіс. Бүгінгі күні облыста мектеп жанындағы 29 интернат бар. Қобда ауданының Ақырап ауылында 1 қарашада 40 орындық интернат ашылады. Қарабұтақ ауылында 150 орындық интернат және Алға қаласында 100 орындық интернаты бар мектеп салынады. Ал 16 мектепте оқушылар осы күнге дейін үш аусыммен оқиды. Бұл сұрақты түбегейлі шешу үшін Ақтөбе қаласында 4 мектептің құрылысы басталған. Келесі жылы тағы да 10 мектептің құрылысы жоспарда тұр.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз