Дмитрий Баландин Ақтөбеде дене шынықтырудан сабақ берді

Олимпиада чемпионы өзін оқытушы ретінде сезініп көрді. 

Бүгін №56 мектепте Рио олимпиадасында су спортынан ел тарихындағы алғашқы алтынды иеленген Дмитрий Баландин мен грек-рим күресінен 1996-шы жылы Алтантада өткен олимпиада ойындарының чемпионы Юрий Мельниченко дене шынықтыру сабағын жүргізді. Қос олимпиада чемпионының жасаған жаттығуларын жетінші сынып оқушылары қайталады.

  • Өзімді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде көріп жатырмын. жаман емес. Бірақ балалар жан-жақтан қалтаңба сұрап жүгіріп жүр. Кейде олар жүгірген кезде басып кете ме деп қорқасың. Маған балалармен жұмыс жасаған ұнайды. Дене шынықтыру сабағына немқұрайлы қарайтындар бар. Спорт сабағы балаларға құлшыныс пен жігер сыйлайды. Спорт үлкен еңбек, — дейді Дмитрий Баландин.

Чемпиондар сабақ өткізген спорт залда дене шынықтыру сабағын басқа балалар сырттай бақылап отырды. Бәрінің қолында жас чемпионның суреті бар. Балалар спортшылармен суретке түсіп, жарысып қолтаңба алды.  Дмитрий Баландин Ақтөбе қаласында қазанның 20-да «Достық» су спорты кешенінде өтетін суда жүзуден Қазақстан Кубогына қатысады.

Пікір қалдырыңыз