45 жастағы келіншектен 6 келі миома алынды

Науқас өзінің дерті туралы ауруханаға келгенде білген.

Шалқар қаласындағы 45 жастағы тұрғыннан жатырдың үлкен көлемдегі миомасы анықталды. Науқастың дерті астаналық дәрігерлер Ақтөбе облысында жүргізген «Денсаулық пойызы» акциясы кезінде анықталған. Шет ауылда тұратын әйел ұзақ уақыттан бері дәрігерлерге қаралмаған, ауруы туралы білмеген. Әйел адамға бүгін облыстық ауруханада ота жасалды.    Мамандар науқастың жағдайы қалыпты деп отыр. Операция Алматыдағы республикалық акушерлік және гинекологиялық орталығының дәрігері Роза Раеваның жетекшілігімен жасалынған. Әйелдің жатырынан 6 келілік миома кесігін алып тастады.

 

Пікір қалдырыңыз