Олимпиада чемпионы Баландин Ақтөбені шулатып жатыр

Қолтаңба сұраған жасөспірімдер спортшыны жібермей қойды.

Бүгін ақтөбеліктер Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді әуежайдан күтіп алды. Әуежайға облыстық спорт басшылығы келіп, спортшыға құрмет көрсетті. Спортшы қарсы алушыларға өзінің ілтипатын білдіріп, болашақ жоспарларымен бөлісті.

— Сіздердің құрметтеріңізге рахмет. Чемпион болу үшін барымды салуға тырыстым. Спорт –ол үлкен еңбек. Қазақстаннан сорттың жүзу түрінен әлі де чемпиондар шығатынына сенемін,-дейді Дмитрий Баландин.

Әуежайға Дмитрийдің суретімен келген жасөспірімдер оны есіктің алдынан ұзатпай қолтаңба алды. Спортшы болуды армандаған ақтөбеліктер чемпионды жібермей,  естелік суретке түсіп қалуға тырысты.

Баландин ертең «Достық» су спорты орталығында өтетін жүзуден ҚР кубогіне қатысады.

Пікір қалдырыңыз