Ақтөбедегі теракт: Сот отырысы бір аптадан соң жалғасады

Лаңкестерге қатысты соттың келесі тыңдалымы жабық өтеді.

Ақтөбеліктерді дүрліктірген лаңкестерге қатысты сот отырысы түске дейін ғана болды. Сотқа келушілерді таратып, сотталушыларды абақтыға алып кетті. Қазір сот залында үкімін күтіп отырғандардың тізімі де белгілі болды. Оның ішінде ауыр баптармен айыпталғандар:

  1. Абдрахманов Азамат Алпамысұлы. 08.09.1988 жылы туылған.
  2. Жұбанов Айдос Жамбылұлы. 04.05.1985 жылы туған.
  3. Қуанышбаев Жаңабай Нағашыбайұлы. 11.07.1982 жылы туған.
  4. Ақпанбетов Әлібек Даниярұлы. 19.06.1986 жылы туған.
  5. Қуанышбаев Бақыт Бектайұлы. 12.07.1983 жылы туған.
  6. Таңатаров Арсен Нұрланұлы. 23.10.1990 жылы туған.
  7. Рахметов Асхат Сәкенұлы 11.04. 1988 жылы туған.
  8. Садихов Әнуар Спандиярұлы. 29.05.1993 жылы туған.
  9. Иманғалиев Асхат Бауыржанұлы 17.03.1986 жылы туған.

— Сот төрағасы соттың келесі тыңдалымын 24 қазанға белгіледі. Қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне байланысты істің келесі тыңдалымдары жабық өткізілетін болады,- деп хабарлайды облыстық сот.

 

 

Пікір қалдырыңыз