Ақтөбеде теракт жасаушыларды сотқа екі машинамен әкелді

Жергілікті полиция күшімен сот ғимаратының төрт бұрышы күзетілді.

Бүгін Ақтөбедегі теракт оқиғасына қатысушылардың сот отырысы басталды. 5 маусым күнгі қарулы қақтығыс жасағандар ісі алдын ала тыңдалып жатыр. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы  Нұрлан Сұлтанов істі жүргізіп жатыр. 

Сотталушылар таңғы сағат 7-де  ауыр қылмыстар қаралатын мамандандырылған сотқа екі арнайы машинамен жеткізілді. Сот залындағы айыпталушының орнында 29 адам отыр. Оның 9-ы қылмыс жасағандар,18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламаған және 2-уі қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталады.

Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарылық соты теракт жасағандардың барлық жағдайын жасаған.

— Сотта олардың істері таңертеңнен кешке дейін қаралатын болады. Түсі үзіліс кезінде сотталушылардың жуынатын, тамақтанатын орнына дейін қамтамасыз етілген. Сот ғимаратына 20 камера орнатылған,- дейді облыстық соттың баспасөз қызметі Иллиада Досова.

Еске салсақ, 201 томнан тұратын қылмыстық іс бойынша сотталушылардың мүддесін 27 қорғаушы қорғайды. Сот залында 48 куәгер түсініктеме береді. 5 маусым күнгі теракт оқиғасынан 88 адамның жәбір көргендігі хабарланды. Шабуыл кезінде 7 адам қаза тауып, 13 адам түрлі дене жарақатын алған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдырыңыз