Ақтөбе облысында жыл сайын 160 әйелде сүт безі қатерлі ісігі анықталады

Облыс бойынша сүт безінің қатерлі ісігі жылына 160-қа жуық әйелде анықталады. Бұл дертті мамандар қазір әйелдер арасында кең таралған қатерлі ісік түріне жатқызып отыр.
Ал елімізде жыл сайын үш мыңға жуық әйелде осы ауру түрі анықталады. «Арасан-Ақтөбе» серіктестігі бүгін қаладағы сауда үйлерінің бірінде осы тақырыпқа арналған акция ұйымдастырды. Акцияның мақсаты — әйелдерді сүт безі обырынан қорғану жөнінде мейілінше ақпараттандыру, анықталған жағдайда ертерек емдеу шараларын бастау. «Өйткені ерте анықталған жағдайда ракті жеңуге болады», — дейді мамандар.
Осы орайда қазанның 12 мен 21 аралығында қалада әйелдердің денсаулығын анықтауға бағытталған онкүндік өткізілуде. Қыз-келіншектер онкүндік аясында онколог, маммолог мамандардан тегін кеңес алуларына болады.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз