Ақтөбеден күніге 1000 тонна қоқыс шығарылады

Қоқыс полигонының ақысыз жұмысы басталды.

Полигонда 24 қыркүйектен бастап, ақысыз қоқыс қабылдау жұмыстарын бастап кетті. Бір айдың ішінде қаладан 8 мың тонна қалдық әкелінген. Мамандар тазалық шарасының 24-қарашаға дейін жалғасатынын хабарлады.

  • Полигонда 2 айлық жұмыс басталды. 24 қыркүркүйектен бастап 24 қараша аралығында қоқыстарды ақысыз қабылдаймыз. Екі айлық басталғаннан бері қаладан 8 мың тоннадай қоқыс шығарылған. Қоқыс қабылдайтын әлі орны бар. Полигонда жиналатын қалдықтардың тәуліктік көлемі 1000 тонна. Оның 200 тоннасы -құрылыс және өнеркәсіп қалдықтары болса, қалғаны қатты-тұрмыстық қалдықтар,– дейді қалалық қоқыс полигоны басшысының орынбасары Сәбит Исмайлов

Қазір полигонға шығарылатын тұрмыстық қалдықтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жыл басынан бері 160 мың тонна тұрмыстық қалдық қала сыртына шығарылған. Мұнда бір тонна қалдықты тастау жеке тұлғалар үшін 1078 теңге, ал заңды тұлғалар үшін 1720 теңге. Күн сайын қалдық артылған 160 көлік келеді. Жыл сайын қаладағы қоқыс көлемі 2000-3000 тоннаға дейін ұлғайып келеді. Былтыр он екі айдың ішінде  180 мың тонна шығарылса, биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралығында шығарылған қоқыс көлемі 160 мың тонна болған.

Пікір қалдырыңыз