Суырмалы жер көлемі ұлғайтылады

Облыста қазіргі күні 30 мың гектар суармалы жер бар. Бұрын соның 12 мың гектары пайдаланылып келсе, биыл тағы 6 мың гектар жер қосылған. Мұны «Ақтөбе-ақпаратта» өткен брифинг барысында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қаржаубай Ыбырайымұлы айтты.
— Қазір осылайша 18 мың гектар жерді пайдаланып отырмыз. Бұған қоса 10 мың гектар жерге сметалық құжаттар дайындадық, оны халықаралық қаржыландыру ұйымдарының көмегімен алдағы жылы игеруді жоспарлап отырмыз. Бұл бағытта Астанадағы су комитетімен тығыз жұмыс жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, тағы да 10 мың гектардан астам жерді пайдалану мақсатында конкурс жарияланып, суармалы жерді игеру жөнінде жұмыс жасалып жатыр. 27 мың гектар жер — көл табанды жерлер, оларды пайдалану жөнінде де жұмыстар жүргізілді, — дейді басқарма басшысы.

Пікір қалдырыңыз