Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген аңдарды аулағандар ұсталды

Ақтөбе облысында «Браконьер» акциясы кезінде табиғатты қорғауға қатысты заңнаманың бұзылғанын дәлелдейтін 80 дерек анықталды. 10 күн бойы полицейлерден құралған 10 мобильді топ облыс аумағында жұмыс жасады. 80 деректің 68-не қатысты 265 мың 123 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Бұған қоса, жергілікті полиция қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңнаманы бұзғандарды да анықтап, 7 қылмыстық іс қозғады. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген аңдарды аулағандар ұсталды. Сондай-ақ, бес іс заңсыз ағаш кесуге қастысты болды.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз