Ақтөбеде жас мамандарға арналған жатақхана салынып жатыр

Ақтөбеде жас мамандарға арналған жатақхана салынуда. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев еңбекші жастарға арналған жатақхана салынып жатқан құрылыс алаңын барып көрді. Бес қабатты жатақхана Маресьев көшесінде бой көтермек. Бұл жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының үшінші бағытының аясында жүзеге асырылуда. Жатақхананың бір және екі бөлмелі 115 пәтері болады. Жалпы аумағы 4 мың 100 шаршы метр. Келесі жылы алғашқы қожайындары қоныс тойын тойлайды деп күтілуде.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз