Ақтөбеде алғашқы скейт-парк ашылды

Ақтөбе қаласында алғаш рет скейт-парк ашылды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев спорттық велосипед, скейтборд тебетін әуесқой спортшыларды жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

Енді спортшылар Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақтағы Ту тұғыр алаңында шеберліктерін шыңдап, жаттығулар жасай алады.
Негізі скейт-парк белсенді жастардың өтінішімен ашылды. Және оның жанында қалада алғаш рет стритболға арналған алаң да іске қосылды. Енді келесі жаздан бастап скейт-паркте көше спортының түрлері бойынша әрқилы спорттық шаралар, жарыстар ұйымдастырылады деп күтілуде.

Сондай-ақ облыс әкімі мемлекет пен жекеменшік серіктестігі негізінде салынып жатқан хоккей модулінің құрысымен танысты. Спорт алаңын жарты жылда аяқтап, пайдалануға берілуі керек. Модуль 11-шағын ауданда №32 және №35 мектеп аралығында орналасқан. Құрылысқа құйылған жеке инвестицияның жалпы көлемі 420 миллион теңгені құраған.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз