Алғалықтар мүгедек балаларға қайырымдылық жасады

Алға аудандық Мәдениет үйінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

«Бәрімізде бірдейміз, кемсітуді білмейміз» деп аталған қайырымдылық акциясы, мүмкіндігі шектеулі жандарға қоғам назарын аударуға бағытталды. Мүгедек жандар жасаған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Қаржылай көмек көрсетемін деушілер үшін залда жәшік қойылды. Жиналған қаражат мүгедек-балалардың ем-домына жұмсалмақ. Жиналғандар «Тағдыр таукыметі» атты спектакль мен концерттік бағдарламаны тамашалады.

Жалпы Алға ауданы бойынша бүгінгі күні, 1140 мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олардың барлығы да ай сайын 25 мыңнан 40 мың теңгеге дейін жәрдемақы алып тұрады. Акция аясында, аудан орталығында тұратын бір мүгедек жанға арнайы арба сыйға тартылды. Шараға шақырылған 30 мүмкіндігі шектеулі азаматқа құрмет көрсетілді.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз