Бердібек Сапарбаев қарияларды халықаралық қарттар күнімен құттықтады

Бүгін Ақтөбе облыс әкімдігі «Салтанат  сарайы» мейрамханасында қарияларға арнап мерекелік дастарқан жайды. Халықаралық қарттар күнінде əр салада жемісті еңбек еткен ардагерлер мерекелік дастарқанның қонағы болды. Аймақ басшысы əр қариямен жеке-жеке амандасып,  оларға тілегін арнады:

-Қазақстанның бүгінгідей деңгейге жеткеніне қазыналы қарттарымыздың үлесі зор. Араларыңызда екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлері де бар. Елдің дамуы үшін әрқайсыларыңыз әр салада еңбек еттіңіздер.  Мемлекет басшысының өзі қарттарды қамқорлыққа алу керектігін жиі айтады. Жұмысының жетістігін ойлаған басшы ең бірінші елдегі ақсақалдармен бірге жұмыс жасауы керек, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Қарттарды алтын қазынаға теңеген облыс әкімі үлкенді сыйлап өскен дәстүрімізді жоғалтпау керек екенін айтты.

«Мерейлі отбасы» республикалық байқауының жеңімпазы Нұсқабаевтар отбасы да мерекелік дастарқанның қонағы ретінде шақырылған. Отбасы облыс мақтанышы ретінде таныстырылды.

Пікір қалдырыңыз