Жас ғалымдар гранттарға ие болды

8 маусым -10 қыркүйек аралығында облыстағы жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жобаларының байқауы өткізілген болатын. Бұл байқауға Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің студенттері мен резиденттері «Медицина және фармацевтика» бағыты бойынша қатысты. Жақында жас ғалымдар сарапшылар алдында өздерінің ғылыми-зерттеу жобаларын қорғады. Нәтижесінде медициналық университет студенттері де үздіктер қатарынан көрінді. Мәселен, И.Сивак, Б.Кенжеғалиева, А.Гутаревтер жүлделі бірінші орынға шықты, ал А.Гайдай, Д.Ким, А.Ақмағамбетова, Ф.Лабзенина, Г.Сарқұлва, Д.Гапуовалар — екінші, А.Кальманова, Д.Тілекенова,  А.Гутарёв, Н.Капацын, А.Сулейманов пен В. Игнатьевтер үшінші орын алды. Жеңімпаздар өз идеяларын жүзеге асыру үшін «Ақтөбе дамуы» қоғамдық қоры тарапынан берілетін гранттарға ие болып, Ақтөбе облысы жас ғалымдар Кеңесінің мүшелігіне қабылданды.

Пікір қалдырыңыз