Зейнетке шыққан ұстаздарға сауықтыру орындарына жолдама берілді

Ақтөбе қаласында соңғы бес жылда 15 мектеп, 30-ға жуық балабақша салынды. Алдағы үш жылда қаладағы барлық мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, спорт залы жоқ мектептерге спорт залдар салынады, тағы 15 мектептің құрылысы жүргізіледі.

Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында айтты. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өткен шараға қала мектептері ұстаздары шақырылды.

— Дүниедегі ең қадірлі мамандықтың бірі — ұстаз. Ол болашақты тәрбиелеуші адам. Елімізде қандай да бір экономикалық қиындықтарға қарамастан, білім саласын дамытуға, мұғалімдердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізіледі. 25 жылда Ақтөбе қаласында білім саласында айтарлықтай өзгерістер болды. Бұрын қалада 39 мектеп болған болса, қазір оның саны —  71. Бұрын қала мектептерінде 38 мық бала білім алса, қазір оқушылардың саны 69 мыңға жетті, — деді Б.Сапарбаев.

Аймақ басшысы еңбек демалысына шыққан 17  ұстазға жемісті педагогикалық еңбегі үшін Алғыс хаттар  мен еліміздің сауықтыру орындарына жолдамалар берді. «Үздік педагог-2016» байқауының жүлдегері Бибігүл Ербалюкова да осындай сыйлыққа ие болды.

Пікір қалдырыңыз