Болашақ дәрігерлер қарттарды құттықтады

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің студенттері осы оқу орнында қызмет еткен 400 зейнеткерді қарттар күнімен құттықтады.

Мереке құрметіне қарттарға ақшалай сыйлықтар мен азық-түлік қорабын сыйға тартты. Жастар денсаулығы нашарлығынан мерекеге қатыса алмаған 90 қарияны үйіне барып құттықтады. Бұл мақсатта университет басшылығы 2 млн теңге қаражат бөлген.  Дәстүрлі акцияға отбасылық медицина клиникасының ұжымы да атсалысты. Олар да қарттарға мерекелік көңід-күй, бағалы сыйлықтар табыс етті. «Жақсы көңіл-күй — кез-келген дәріден қымбат», — дейді мамандар.

Университеттің кәсіподақ комитеті төрағасы Гаухар Молдинаның айтуынша, бұл тек бір реттік шара емес, оқу орны ұжымы мен студенттер қарияларға жыл он екі ай бойы қамқорлық көрсетіп отырады: соларға арнап концерттер ұйымдастырылады, еріктілер қарттарға барып, медициналық тексерулер жүргізіп, ардагерлерге үй шаруасына көмектеседі.

Пікір қалдырыңыз