Ақтөбеде алты елдің археологтары бас қосты

Ақтөбеде әлем археологтары бас қосты. «Қадырбеков оқулары» деп аталатын дәстүрлі халықаралық конференцияда сала мамандары Еуразия даласының тарихы және мәдениеті бойынша бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, теориялық зерттеулер саласындағы соңғы жетістіктер бойынша ақпарат алмасты.

Бұл шараның «Қадырбеков оқулары» аталуы тегін емес. Конференция бұл жолы Ақтөбе облысының аумағында бірнеше жылдар еңбек еткен белгілі қазақ археологі Мир Қадырбековтің туған күніне тұспа тұс келді.
— Бұл конференция бесінші рет өткізіліп отыр. Оған Еуразияның далалық белдеуінң тарихы мен мәдениетін зерттеушілер Қазақстанның түпкір-түпкірінен және Ресей, Әзірбайжан, Қырғыз елінен, Өзбекстаннан шақырылды. 120 ғылыми мақалалар енгізілген журнал-жинақ осы шараға орай арнайы шығарылды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыс әкімдігі когнференцияны өткізуге ұйытқы болды, — дейді Мейрам Дүйсенғали облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз