40 адамға 10 миллиондап несие алғызған психолог сот алдында келді

Сурет egemen.kz сайтынан алынды

Ақтөбеліктерді гипноз жасап тонаған Алексей Панға қатысты сот отырысы болып жатыр.
№2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Теміржан Алданов 40 адамнан тұратын шағымданушы тараптың арызын қарауды бастады. Психологтың гипнозына түсіп, алданып қалған тұрғындар өздерінің миллиондап несие алғандарын айтады.
«Ол адаммен бұрын ешқандай жақындығымыз болған жоқ. Қалай алданғанымызды білмейміз. Оның айтуымен банкке барып, миллиондап несие алдық. Қазір сол ақшаны төлеп отырмыз. Біз бұрын мұндай жағдай кинода ғана болады деп ойлаушы едік. Қазір өзіміздің басымыздан өткенде алаяқтардың әрекетіне көзіміз жетті. Ең көбі банктен 10 миллион теңге алып берген. Соттан осы адамның жазасын беруді сұраймыз», — дейді жәбірленуші жақ.
Жергілікті психолог Алексей Панға алданған 40 ақтөбелік тұрғын өздерінің аты-жөндерін айтуды қаламады. Олар бірнеше банктен несие алып, қарызға батып отырғандарын айтады.
Қазір сот төрағасы Теміржан Алданов шағым түсірген 19 адамнан түсініктеме алды. Жәбірленуші тарап тыңдалғаннан кейін психологтың өзіне сөз берілетін болады. Сотқа айыпталушының жұбайы мен анасы да келіп жүр.

Пікір қалдырыңыз