Елбасы Ақтөбе облысы басшылығының ұсынысын қолдады

a1943df0e692ac47da0b50c8d3cad3f7«Еуразиялық кеңістіктегі көлік-логистикалық әлеуеттік дамуы» тақырыбындағы Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың XIIІ форумында екі елдің президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің 2016-2018 жылдарға арналған бірлескен жұмыстар Жоспарына қол қойды.

487b99ecc336f9def1e4d086d66a3d0c

Форум барысында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев екі мемлекеттің басшылары алдында жедел шешімін табуға тиіс бірнеше мәселені көтерді:
— Екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасы деңгейін арттыру, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізінің әлеуетін толық пайдалану үшін Ресей тарапынан осы жолдың Орынбор облысы бағытындағы автожолды жөндеу жұмыстарын тездетуді сұраймыз. Сонымен бірге тәулігіне 2000 автокөлік өткізе алатын бір ғана төлқұжат бақылау кабинасы бар «Сагарчин» өткізу бекетін кеңейту мәселесін қарастыруды маңызды деп есептейміз. Биыл «Жайсаң» бекетіндегі өткізу мүмкіндігі 2 мың көліктен 8 мыңға дейін арттырылды, 3 жолақты жол 6 жолақты жолға айналды, — деді облыс әкімі.
Ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау мәселесіне қатысты да айтылды. Қазақстан мен Ресей шекарасында «Россельхознадзор» тарапынан карантиндегі өнімді тасуға алдын ала ескерту бекеттері жұмыс істейді, бұл қазақстандық кәсіпкерлерге кедергі келтіріп отыр. Бердібек Сапарбаевтың айтуынша, олардың өкілеттігі қандай да бір құқықтық құжаттармен реттелмеген. Нақтырақ айтсақ, осы бекеттерде жүктерді тексеру мерзімі тәртібі, талап етілетін құжаттар тізімі, жүктерді кідірту мен тыйым салу мерзімдері мен себептері реттелмеген.
Мемлекет басшысы жүк тасымалы көлемін арттыруға бар жағдайды жасау қажеттігін айтты:
— Екі тараптан та кедергісін келтіріп отырған әкімшіліктік процедуралар қаралуы тиіс. Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осы мәселені көтерді. Екі жақты сауда барысында рәсімдер жеңіл, процедуралардың барлығы барынша ашық жүргізілуі керек. Біз Ресеймен бірыңғай экономикалық одақтамыз, біздің кедендік шекараларымыз да ортақ, сондықтан, арада еш кедергі болмауы керек. Меніңше, біз бұл мәселелерді шешеміз. Сонымен бірге екі елдің көлік инфрақұрылымына қатысты мәселелер де айтылды. Бұл да шешімін табуға тиіс мәселелер, біздің тарапымыздан Үкімет бұл жайттарды қарап, әріптестермен бірге нақты шешім шығаруы керек, — деді Елбасы.

«Ақтөбе-ақпарат».

1 пікір

Пікір қалдырыңыз