Ақтөбелік жұмыссыздарға 826 бос орын ұсынылды

Ақтөбеде жұмыссыздарға 123 мекеме 826 бос жұмыс орынын ұсынды. Бұл туралы Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығы өткізген «Қамқор» акциясы аясында белгілі болды.

Акция мақсаты — азаматтарға «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында беріліп отырған қолдауларды түсіндіру, жұмыссыздарға жұмыс тауып беру.
Акция тұрғындар көп шоғырланатын жерлерде Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Табыс» комуналдық базары және ірі сауда үйлерінің алаңдарында өткізіліп келеді. Осыған дейін 5 мәрте өткен акция нәтижесінде 60 адам жұмыспен қамтылған. Ал бүгінгі «Қамқор» шарасына 123 мекеме 826 бос жұмыс орынын ұсынды. Бос орындар арасында әр түрлі саланың мамандарына қажеттілік бар.
— Медицина саласының, қызмет көрсету саласының мамандары қажет. Зауыттар өндіріске қажетті білікті мамандар іздейді. Біз барлық ақтөбеліктерді жұмыссыз жүрмей, осындай жәрмеңкелерге қатысып, бақтарын сынауға шақырамыз. Мұндай жәрмеңкелерге бірнеше рет келетіндер нәтижесінде тұрақты жұмыс тауып кетіп жатады, — дейді Ақтөбе қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлшат Қаңтарбаева.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз