Ақтөбеліктерді жұмыссыздық пен баспана мәселесі толғандырады

Ақтөбеліктерді жұмыссыздық пен баспана мәселесі толғандырады. Мұны «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына келіп түскен өтініштер көрсетіп отыр. Қоғамдық қабылдау бөліміне 9 айдың ішінде 635 өтініш түскен. Оның 200-і шешімін тапқан.
— Қала жылдан жылға көлемі ұлғайып, адам саны артып отыр. Сондықтан, шаһар аумағындағы бес селолық округте де қабылдаулар өткізіледі. Биыл тоғыз айда келіп түскен өтініштер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп, — дейді «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Асқар Қойлыбаев.
Қоғамдық қабылдауға жастар жағы жұмыс сұрап келсе, ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер қолдау, несие сұрап келеді екен.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз