Ақтөбеліктер 20 млрд теңгенің мүлкін жариялаған

Ақтөбеліктерден осы уақытқа дейін мүліктерін жария етуге байланысты 5285 арыз түскен. Бұл туралы қала әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясы мәлімдеп отыр.
Еске салсақ, еліміз бойынша осы жылдың 31-ші желтоқсанына дейін мүлікті жариялау акциясы жүріп жатыр. Акция шеңберінде түскен арыздардың 5216-сы қаралған. 4213 арыз бойынша азаматтардың мүлкі жария етілген. Жалпы алғанда облыс орталығында 20 миллиард теңгеге 8911 мүлік рәсімделді. Мамандардың айтуынша, тұрғындар негізінен саяжайдағы үйлерін, жеке тұрғын үйлеріне жалғанған қосымша құрылыстарды, коммерциялық объектілерді рәсімдеуге тырысады. Өтініштер күн сайын қарашаның 30-на дейін қалалық әкімдік ғимаратында қабылданады.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз