Ақтөбеде антитеррорлық оқу-жаттығу өтіп жатыр

Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб күштерінің дайындығы тексерілді.

 Ақтөбедегі антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары облыстық «Нұр Отан» партиясының ғимаратында өтті. Абай даңғылындағы қозғалыстың жабылып, қаруланған арнайы жасақ қызметкерлерінің топталып жүргенін көрген халық шошып қалды. Бірақ, полиция қызметкерлері халықты дүрлікпеуге шақырады.

  • Тұрғындарға сабырлық сақтап, дүрлікпеуді өтінеміз. Қалада террорлық актінің жолын кесу мен оның салдарын жою бойынша антитеррорлық оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Штаб қызметкерлері мен олардың құрал-жабдығының дайындығы тексеріледі,- деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Оқу жаттығу кезінде түрлі элементтер қолданып, жауынгерлік әрекеттің тексерілуі барынша жақын жағдайда өтеді. Құзырлы мекеме халықты сабырлы болуға шақырады.

Пікір қалдырыңыз