Ақтөбеліктерді «Денсаулық пойызы» ақысыз қабылдайды

Ақтөбе облысында Астана мен Алматыдан келген дәрігерлері бар «Денсаулық пойызы» аудандарға шығып жатыр. Жоғары білікті мамандар ауыл тұрғындарын ақысыз қабылдап, медициналық көмек көрсетуде
«Денсаулық пойызында» 20-дан астам маман бар.
— Мақсатымыз жергілікті жерлерде адамдарға кәсіби медициналық көмек көрсету. Көз дәрігерінен бастап, балалар дәрігері, гематоонкологтар бар, медицинаның барлық салалық мамандары өздеріне жүгінген әр тұрғынға көмектесуге дайын, — дейді «Денсаулық пойызының» бас дәрігері Ғизат Саматұлы.

«Денсаулық пойызы» Алға ауданында болған бірінші күні 500-ден астам пациентті қабылдады. Олардың арасында 10 адамға Астана мен Алматы қалаларындағы ғылыми орталықтарға емделуге жолдама берілді.
Пойыз облыс аумағында қазан айының соңына дейін болады. Осы уақыт аралығында дәрігерлер облыс тұрғындарының көп бөлігіне қызмет көрсетуге тырысады. Пойыздың келесі аялдамасы — Қандыағаш және Шалқар аудандары.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз