Ақтөбеде хирургтердің эндоскопиялық съезі басталды

Әлемнің білікті дәрігерлері ақтөбелік ауруханада 35 күрделі ота жасайтын болады.

Қазақстанның  білікті хирургттері эндоскопиялық білімін арттыру мақсатында Ақтөбеге жиналып жатыр. Қазан айының 2-нен  басталған съезд бір аптаға жалғасатын болады. Әлемнің медицина қызметкерлері облыста эндоскопиялық ота жасаудан өзара тәжірибе бөліседі.

  • Съезд барысында 8 шеберлік класс өткізіліп, 35 күрделі оталар жасалатын болады. Қазақстанның білікті хирургтері, Оңтүстік Корея, Украина, Литва, Грузия елдерінен атақты хирургтер келді. Шеберлік класс өткізу жұмыстары басталып кетті. Республика көлемінде ең бірінші лапароскопиялық жолмен гемигепатэктомия жасалынды. Бұрын оталар ашық түрде жасалатын еді,-дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының  басшысы Әсет Әскерұлы.

Сонымен қатар, облыста білікті дәрігерлердің қатысуымен 4 бауыр трансплантациясын жасау жоспарланған. Донордан бауырдың жартысы лапароскопиялық жолмен алынуы Қазақстанда бірінші рет Ақтөбеде жасалып тұр. Бұрын мұндай оталар ашық түрле кесіліп жасалынатын еді. Мамандар өңірдегі медицина саласының дамуы барлық күштің жұмсалып жатқандығын айтады.

Пікір қалдырыңыз