Ақтөбеде дін қызметкерлерінің білімі тексеріліп жатыр

Ақтөбеде имамдар аттестациядан өтіп жатыр. Облысымызға келген жұмыс тобының құрамындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жетекші мамандары олардың білімдерін тексерді. Мешіт қызметкерлері теология, этика, дін тарихы және психология бойынша өз білімдерін көрсетеді. Емтихан түріндегі бұл сынақтан облыстағы барлық имамдар мен медресе ұстаздары, 100-ден астам адам өтті.

— Ақтөбе облысында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының тіркеген ресми 121 діни қызметкері бар. Олардың қатарында имамдар, азаншылар және медресе ұстаздары бар. Олардың барлығының білімдері тексеріледі, діни сауатының қаншалықты екенін білу қоғам үшін маңызды болып отыр. Екі күнде 52 дін өкілін өткіздік. Қанағаттанарлық, жақсы және өте жақсы деген баға алғандар бар. Әлі де білімін жетілдіруді қажет ететіндері де жоқ емес, — дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев.

Жанна ЕРАЛИНА.

Пікір қалдырыңыз