Ақтөбеде ауласындағы құдыққа құлаған келіншек құтқарушылар көмегіне жүгінді

Құдыққа құлаған келіншекті арнайы техника келіп шығарып алған.

Оқиға демалыс күндері тіркелген. Ақтөбе қаласының Некрасов көшесіндегі жеке үйден көмек сұраған қоңырау түседі.  Аулаға қазылған шұңқырға әйел адам құлап кеткен.  Шақырту орнына «Жедел құтқару жасағы» мекемесінен 3 адам, 1 автокөлік жіберілді. Құтқарушылар көмегімен 1982 жылы туылған азаматша шұңқырдан шығарылды.

Төтенше жағдай қызметі тұрғындарға абай болуды ескертеді. Жедел құтқару жасағы тұрғындар арасында абайсызда болатын оқиғалардың жиі тіркелетінін айтады. Әсіресе, кішкентай балалардың үйде жалғыз құлыптанып қалу оқиғалары көп.

 

Пікір қалдырыңыз